МӨЛДІР СЕЗІМ МАХАББАТТАН НӘР АЛАР «Тағдырластар» клубының сәуір айындағы кездесу кеші Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 15 ші сәуір ғашықтар күніне орай «Тағдырластар» клубының кезекті кездесу кеші «Мөлдір сезім махаббаттан нәр алар» атты тақырыпта болып өтті. Кешті клуб жетекшісі Тифлология бөлім меңгерушісі Ербек Бакиев жүргізді. Кеште алдымен сәуір айында туған туған күн иелерін құттықтап әсем әндер тарту етілді. Махаббат тақырыбындағы кітаптар мен кейіпкерлер талдау жасап оқырмандар өз ойын ортаға салды. Түрлі сұрақтар мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, жылдамдық танытқан жастар жеңімпаз атанып, сый сияпаттармен марапатталды. Махамбетұлы Оралбек, Мүслім Ләззат, Азат Әбілдаев, Бақдәулет Құрал, Зебо Дадаева әнмен кештің көркін кіргізсе, Тайтелеева Ақжүніс, Сейдазимова Дүрияш, Темирова Гүлмира ғашық жандарға ақ тілегін арнап, барша достарға бақыт пен мөлдір сезімге толы махаббат тіледі. Кеште арнайы жасалған жүрекшелерге жазылған сұрақтарға оқырмандар тұшымды жауап беріп, жасырылған әндерді жылдам тауып үлгерді. Кеш соңында қатысушылар лотожүректер арқылы бағалы сыйлықтар мен түрлі кітаптарға ие болды. Тарих тақтасында алтын әріппен қашап жазылған махаббатқа адал жандардың аты бүгінгі жастарға үлгі ретінде айтылып, ортақ ойлар үндесті.
Жиналған кітапхана оқырмандары естелік суретке түсіп көңілді тарасты.
   
|