Іс – шаралар
|
ЖЕҢІС ЖЫРЫ – ЖҮРЕК ҮНІ Осы ұранмен Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды кеш өтті. Бұл кеш – тек өткенге тағзым ғана емес, бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі елге, жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің айғағы, бейбіт күннің қадірін ұғындыратын рухани шара болды. Кітапхана ұжымы бұл жолы оқырмандармен бірге майдан даласында шырқалған, елге үміт, жауынгерге күш сыйлаған соғыс жылдарындағы әндерді жаңғыртуды мақсат етті. Осы музыкалық естеліктерге толы кешке “Ардагер” халықтық хор ансамблі арнайы шақырылып, жиынның шырайын келтірді. рдагер әншілердің орындауындағы “Журавли”, “Темная ночь”, “Смуглянка”, “Катюша” секілді туындылар көрерменді терең толқытып, зал ішін шынайы эмоция мен елжіреген естеліктерге толтырды. Соғыс жылдарының әндерін тыңдау – тарихты оқумен пара-пар. Өйткені бұл әндерде көз жасымен жазылған шындық, бейбіт күнге деген аңсар, туған жерге деген сағыныш бар. “Жеңіс жыры – жүрек үні” атты бұл кеш – ұлттың өткенін ұлықтап, ерлік пен елдік рухын ұрпаққа аманаттаудың жарқын үлгісі болды. Осындай тағылымды жобалар арқылы кітапхана тек ақпарат көзі ғана емес, ұрпақ санасын қалыптастыратын рухани ортаға айналып отыр.
       
|