Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
02.05.2025 |
Іс – шаралар |
«Қазақстанның көпэтникалық мәдениеті, Татулық пен тұрақтылық тыныштық тұғыры!» (1 мамыр ҚР Халықтарының ынтымақ күні) Бүгін Арнайы кітапханада 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Қазақстанның көпэтникалық мәдениеті, Татулық пен тұрақтылық тыныштық тұғыры!» - атты мерекелік кеш өтті. Кеште өзге ұлт азаматшасы кітапханамыздың тұрақты оқырманы Дадаева Зебо өз өнерін ортаға салып, Таджик халқының салт дәстүрі мен ұлттық тағамдарын, оқырман қауымға ұсынды. Мерекелік кеш әрмен қарай тәтті жырмен көңілді әндерге ұласты. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру болмақ. |