«Ашық микрофон» жобасы
Аталған жобаның кезекті қонағы ерекше жан ерекше талант иесі Өміртай Әкімжан болды. Кешті кітапхана қызметкері Г. Каттабекова жүргізді. Ашық микрофонда Өміртай Әкімжанның өмірбаянымен танысып, көрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, кеш қонағынан жауаптар алынды. Әсем әндер орындалып, өзі ұнататын ақындардың өлеңін оқып оқырмандар назарына паш етті. Сонымен қатар Әкімжанға түрлі әуендер жасырып, әдеби сұрақтар қойып, білімін сынадық. Көрермендермен бірге әндер шырқалып, кешке жиналған көпшілік көңілді тарқасты.
 
|
«Домбыраның сырлы шектері»
(1 шілде - Ұлттық домбыра күні)
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнай кітапханасында 1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыраның сырлы шектері» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Осы мереке барысында бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтары: «Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің» білікті мамандары, қасиетті домбырамен ұлттық өнерді насихаттап жүрген, өнер майталмандары Сүгір атындағы шертпе күй сынып ұстазы Айтбаев Сабит ағамыз шәкіртімен келіп отыр, Дәстүрлі әнші, термеші, көптеген ән байқауларының жеңімпазы, Ғабит Шырынбеков ағамыз және Майра Битемірованың шәкірті, Абдикеримов Бекжан қонақта болып, ән, күй, терме орындап, кешімізді жандандыра түсті. Сонымен қатар домбыраның шығу тарихы туралы аңыз видео ролик баяндалды. Іс-шараға кітапхана оқырманы А. Тайтелеева «Домбыра» әнімен, ал кітапхана қызметкері Мадина Ермаханова «Қазағым» атты ән шырқады. Тағыда әдемі әнімен домбыраның құлағында ойнаған, кітапхананың бүлдіршін оқырмандары Нұрсұлтан мен Бақытжан болды. Шара соңында кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы келген қонақтармен оқырмандарға алғысын білдіріп, алғыс хат пен марапаттады.
     
|
|
«Отбасы – тәрбие бастауы»
(15 мамыр - Халықаралық отбасы күні)
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – тәрбие бастауы» атты іс-шара болып өтті. Отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратар жылуы жан балқытар болғандықтан қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады демекші бүгінгі іс-шараға кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен отбасы жайлы ертегі қойылды. Сонымен қатар «Үміт» мектеп интернатының талантты оқушылары Сұлтан, Сымбаттың орындауында «Алтын бесік» әні орындалды. «Отбасы – тәрбие бастауы» деп бүгін Арнайы кітапхана қызметкері Абдиевтер отбасы мен кітапхана оқырманы Тұрламбековтер отбасы арасында «Үлгілі отбасы» сайысы қызықты, әрі тартысты өтті. Сайыста отбасы мүшелері ән айтып, би билеп, сұрақтарға жауап беріп, екі отбасыда «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар іс-шарада кітапханамыздың өнерлі оқырманы Гүлнұр Қуатқызы І.Жансүгіровтың «Жайлау» өлеңін көпшілікке тарту етті. Іс-шара барысында біздің жас оқырманымыз Бегалы Ақбота «Асыл ана» әнін орындап отбасының берекесі, жүрегі – ана екенін оқырман қауымға тағыда дәлелдеді. Шара соңында кітапхана директор орынбасары Бөрібекова Әдемі апайымыз қатысушыларға ақ тілегін, алғысын айтып, мадақтама грамотасын ұсынды.
     
|
«Береке басы - бірлікте»
(1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні)
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 27 сәуір күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Береке басы - бірлікте » атты іс-шара өтті.
Іс-шараға Шымкент қалалық «Корей этномәдени» бірлестігі мүшесі Ким Елена Александровна және «Өзбек этномәдени» бірлестігі жастар қанатының мүшесі қонаққа келді. Елена Александровна мен Хурматой Абдухамидова өз ұлттарының салт–дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық құндылықтарын тереңірек таныстырып берді. «Славян этномәдени» бірлестігінен келген «Светоч» хор ұжымы да өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп шықты. Кітапхана қызметкері М. Ермаханова қырғыз тілінде «Жылқышы» әнін шырқап, зағип жандардың ойын сергітіп, өнерімен көрермен көңілін көкке көтерді. Кітапханамыздың белсенді оқырманы ұлы жүздің келіні интернационалды отбасын құрып отырған тәжік ұлтының қызы Дадаева Зебо өз тәжік ұлтының салт-дәстүрін айтып, ортада тәжік биін мың бұрала билеп берді.
Кеште «Береке басы - бірлікте» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып. көрмеге БНШ және «сөйлейтін» кітаптары, басылым беттерінде жарияланған материалдары қойылды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А. Бөрібекова келген қонақтарға үлкен алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді. Оқырмандар арасынан аға буын өкілдері «Екі елдің ауызбіршілігі сақталып, татулық шынайы тұрақтылықтың кепіліне айнала берсін!» - деген тәтті тілекпен тарасты.

|
«Жаралдым махаббаттан адам болып» «Тағдырластар» клубы ғашықтар күніне арналады
15 сәуір Шымкент қалалық Арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Махаббаттан жаралдым адам болып» атты тақырыпта өтті. Аталған жиында Жетісай ауданынан арнайы келген Лаура Жұмабай, Ирода Насирова Рустем Кенжеұлы махаббат туралы жырларды көпшілікке тарту етті. Кеш жүргізушісі Ербек Бакиев жиналған жұртшылыққа түрлі сауалдар жолдады. Көрермен арасынан белсенділік танытқан жастар қойылған сауалдарға жауап беріп, аталмыш тақырыпқа сай пікірлерін ортаға салды. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ибрашев Мансур, Кәттабекова Гүлсара, Ажмуханова Жазира, Балнұр Сарсибекова, Арайлым Омарханова тағы басқада жастар ойындарға қатысып, бағалы сый-сиапаттарға ие болды. Бердалиев Ернар, Пернебай Жандос, тағдырлас ерлі-зайыпты Алладин Талиев пен батырхан Әсел өзге де өнерпаздар әнмен әрлеп кештің сәнін кіргізді. Аудио залда өткен аталмыш шара тақырыпқа сай безендіріліп көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Жазушы Мырзахан Шерім, жастарды махаббат күнімен құттықтап ақ тілегін арнады. Шара соңында қатысушылар арасында жасырылған ашықхаттарды жариялап өз иелеріне табысталды. Сонымен қатар жүрекшарларды қолға алып қатысушылар естелік фотаға түсті. Келушілердің барлығына Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің шымкент қалалық филиалының атынан бағалы сыйлықтар таратылды.

|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
Страница 8 из 20 |