Іс – шаралар
|
7 наурыз, сағ. 11.00 Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы күніне орай «Ананы сыйлау - адамзаттың парызы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу; аналарды, қыз-келіншектерді құрметтеуге шақыру, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Іс-шараға қатысқандар: зағип және әлсіз көретін оқырмандар, кітапхана қызметкерлері.

|
Іс – шаралар
|
24 ақпан күні ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Тарихы терең - Түркістан» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараның өтудегі басты мақсаты: 2017 жыл Түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістан болып аталуына орай облысымыздағы зағип оқырмандарға өз өлкеміздің, оның ішінде ертеде ислам дінінің орталығына айналған төл қаламыз Түркістанның тарихын тереңірек насихаттау.

|
Іс – шаралар
|
2017 ж. 15 ақпанында ОҚО арнайы кітапханада танымал ақын, бірнеше өлең жинақтарының авторы, 1 топ көз мүгедегі Л.Ф.Пенинаның 65 – жылдық мерейтойына арналған «На крыльях мечты» атты музыкалық - поэзиялық кеші атап өтілді. Кешке келген оқырмандар ақынның өлеңдерімен терең танысып, бойларына қуат алды. Автордың шығармашылығын насихаттау мақсатында оқырмандарға көрме ұйымдастырылды.

|
Іс – шаралар
|
2017 жылдың 8 ақпан күні сағат 11-00-де облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Елбасының халыққа арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына арналған «Послание – переход на новый этап социального развития страны» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараға М.Сапарбаев атындағы жоғарғы оқу орнынан саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарих кафедрасының аға оқытушысы - Бейсекова Райхан Тузельбаевна шақырылды. Іс-шараға зағип оқырмандар, олардың отбасылары, кітапхана ұжымы қатысты.

|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Келесі > Соңы >>
|
Страница 29 из 35 |