Жаналықтар
15.04.2025 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

МӨЛДІР СЕЗІМ МАХАББАТТАН НӘР АЛАР
«Тағдырластар» клубының сәуір айындағы кездесу кеші

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 15 ші сәуір ғашықтар күніне орай «Тағдырластар» клубының кезекті кездесу кеші «Мөлдір сезім махаббаттан нәр алар» атты тақырыпта болып өтті.

Кешті клуб жетекшісі Тифлология бөлім меңгерушісі Ербек Бакиев жүргізді. Кеште алдымен сәуір айында туған туған күн иелерін құттықтап әсем әндер тарту етілді. Махаббат тақырыбындағы кітаптар мен кейіпкерлер талдау жасап оқырмандар өз ойын ортаға салды. Түрлі сұрақтар мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, жылдамдық танытқан жастар жеңімпаз атанып, сый сияпаттармен марапатталды. Махамбетұлы Оралбек, Мүслім Ләззат, Азат Әбілдаев, Бақдәулет Құрал, Зебо Дадаева әнмен кештің көркін кіргізсе, Тайтелеева Ақжүніс, Сейдазимова Дүрияш, Темирова Гүлмира ғашық жандарға ақ тілегін арнап, барша достарға бақыт пен мөлдір сезімге толы махаббат тіледі.

Кеште арнайы жасалған жүрекшелерге жазылған сұрақтарға оқырмандар тұшымды жауап беріп, жасырылған әндерді жылдам тауып үлгерді. Кеш соңында қатысушылар лотожүректер арқылы бағалы сыйлықтар мен түрлі кітаптарға ие болды. Тарих тақтасында алтын әріппен қашап жазылған махаббатқа адал жандардың аты бүгінгі жастарға үлгі ретінде айтылып, ортақ ойлар үндесті.

Жиналған кітапхана оқырмандары естелік суретке түсіп көңілді тарасты.

 
05022025 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

«ӨЛЕҢ ӨТКЕЛДЕРІ» («Өлең сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі ақын, көптеген марапаттардың иегері Омархан Алтынбекұлы Дауытовпен кездесу)

Шымкент қалалық арнайы кітапхана төрінде кітапхана оқырманы, І топ көзмүгедегі «Өлең сөздің патшасы» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі ақын, көптеген марапаттардың иегері Омархан Алтынбекұлы Дауытовтың шығармашылығына арналған «Өлең өткелдері-2» жыр жинағының таныстырылымы болып өтті. Өлең өткелдері деп аталатын айтулы кешті ақын, кітапхана қызметкері Бакиев Ербек Мейрамбайұлы жүргізді. Кешті кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді. Кешке Омархан Алтынбекұлының шығармашылығына қолдау танытып, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын сүйегіне сөз сіңген сөз шебері Бөрібай Оразымбетов, әнші, сазгер бірнеше әндердің авторы Роза Есенгелдиева тағы басқа өнер адамдары қатысып, ақынның шығармашылығына шабыт пен табыс тіледі. О.Дауытовтың сөзіне жазылған көптеген әндерді Роза Есенгелдиева өз нақышында орындаса, кітапхана оқырманы, Камал Тоғжан сонымен қатар кітапхана қызметкерлері ақын жырларын көрермен жүрегіне жеткізе толғады.

Көрермен тарапынан авторға түрлі сұрақтар жолданды. Қаламгер өз ойын жоғары деңгейде жеткізе жауап берді. Аталған шара өңірлік ақын жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана оқырманы Талиев Алладин қаламгердің құрметіне ән шашуын арнады. Кеш соңында Омархан Алтынбекұлына арнайы сый-сиапат пен алғыс хат табысталып кеш қонағымен оқырмандар естелік суретке түсіп, көңілді тарасты. Сырға толы әсерлі әңгімелер мен жауһар жырлар ел есінде сақталып қалары ақихат. Айтулы кешке ХанTV телеарнасының тілшілері арнайы келіп, түсірілім жасап, ақпараттық қолдау көрсетті. Жаңалықтардан эфирге беріледі.

 
13.11.2024 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

«SHAMSHYRAQ-15 JYL»

«Шамшырақ - инклюзивті мәдениеттің символы»

Бүгін, 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай және арнайы кітапхананың 55 жылдық мерейтойымен қатар, «Шамшырақ» өңірлік өнер фестивалінің 15 жылдығы атап өтілді. Бұл ерекше фестиваль зағип және нашар көретін жандардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өнер мен мәдениет арқылы өзін танытуға арналған айрықша алаң болып табылады.

Фестиваль қатысушылары поэзия, проза, вокал сынды номинациялар арқылы өз өнерін паш етті. Әрбір шығарма – қатысушылардың ішкі әлемі, мұнда эмоциялар мен шабыт үйлесім тауып, әрбір орындалған ән тыңдармандарды терең сезімдерге бөлеп, ерекше әсер қалдырды.

«Шамшырақ» тек өнер алаңы ғана емес, инклюзивті мәдениеттің символына айналды. Іс-шараны ұйымдастыру барысында оның инфрақұрылымы мен барлық мүмкіндіктері зағип жандардың қажеттіліктеріне бейімделді. Бұл – қоғамның әр мүшесі өз ерекшелігіне қарамастан, өнерден қуат алып, өзін еркін сезінетін орта құруға деген ұмтылыстың айқын дәлелі.

 
Қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, соның ішінде көру қабілеті нашар адамдарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі (экран дикторы) жобасын іске асырды.

Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабына сәйкес ақпарат иеленушілер интернет-ресурстардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.

 

Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/ сайтында қолжетімді. Экран дикторын орнатуда сұрақтар туындаған жағдайда 8(708)5430672 нөміріне хабарласуды сұраймыз

 
01062024 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Жаналықтар

«Балғын балалар – біздің болашағымыз»

(1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні)

Балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық Қуыршақ және жасөспірімдер театрының актерларының қатысуымен көру қабілеті нашар балаларға арналған ұмытылмас іс-шара өтті!

Іс-шара инклюзия мен тең құқықтыққа маңызды қадам болды. Барлық спектакльдер көру қабілеті нашар балаларға әр сәтті сезініп, түсінуі үшін арнайы бейімделіп, дыбыстық эффектілер және тактильді сезімдер арқылы олар әңгімелер әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге әр оқиғаны бастан өткерді.

Театр актерлары жарқын кейіпкерлерді дыбыстау, мимика және қозғалыс арқылы терең эмоцияларды жеткізіп, өздерінің өнері мен шеберліктерімен таңқалдырды. Балалар мерекеден ләззат алып қана қоймай, актерлармен байланыс орнатуға, сұрақтар қоюға және театр  туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. Кеш соңында бүлдіршіндерге тәтті балмұздақ таратылып балалар мәз мейрам болды. Актерларға, ертегі кейіпкерлеріне, қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 10