Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
18.03.2016 15:10 |
Өткізілген орны: Оқу зал
Өткізілген уақыты: 16 наурыз, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.
Биылғы 22 - Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, жастарымызға үлгі өнеге ретінде ашылған, «Ынтымақ» этнос аралық мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінен «Әжелер» тобын, облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасына шақыруды жөн көрдік. Мерекелік іс-шара басында кітапхана басшылығы Нурманбетов Бәкір Әбдіұлы оқырмандарды жыл басы Наурыз мейрамымен құттықтап қарияларымызға жақсы тілектерін жаудырды.Қазақ соқырлар қоғамының басшысы Алтынбеков Нұрғали да өз кезегінде оқырмандарға жүрегінен шыққан ыстық лебіздерін білдірді. Осыдан 20 жыл бұрын Халықтар Ассамблеясы құрылғанда ашылған «Әжелер» тобының көркемдік жетекшісі Шарапат әжеміз өздерін таныстырып, Т.Молдағалиев ағамыздың әйелдерге арналған жыр шумақтарын тарту етті. Әжелер тобында ұлы композитор Шәмші ағамыздың кенже қарындасы Райхан апайымыз да бар екен. Әжелеріміз Қазақтың халық әндерінен шырқап оқырмандарымызды бір марқайтып тастады. Неше түрлі ұмыт қалған әндерімізді есітіп оқырман қауым да бірге шырқап кетті. Ал қазақтың салтымен ауылдың алты ауызын әжелеріміз шырқағанда,кітапханамыздағы ең жасы үлкен оқырманымыз Тауасаров Күмісбек атамыз ауылдың алты ауызын шырқай жөнелгенде тыңдарман қауым қуанып бірден қоштай жөнелді.. Ал Созақ ауданының соқырлар қоғамының төрағасы Аққұлиев Төлеген Мәуленқұлұлы әнді тоқтатпастан кездесуді одан әрі қызықтырып, қазақ және орыс тіліндегі әндерді шырқай жөнелді. Керемет дауысы бар оқырман әжеміз Тәуекелова Анаш апайдың дауысына тәнті болған «Әжелер » тобы апайымызды ортаға алып шығып бірге ән шырқады. Осындай керемет көріністер «Әу демейтін қазақ жоқ » деген сөзді тағы да бір растап өтті.
Оқырмандарға арнайы дайындалған Қазақтың дәстүрлі наурыз көжесі мен бауырсақтарынан барлық қонақтар және тыңдарман қауым дәм ауыз тиді.




|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
10.03.2016 16:22 |
Өткізілген орны: Оқу залы
Өткізілген уақыты: 9 наурыз, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толатындығын, еліміздің қысқа мерзім ішінде әлемдік қоғамдастықта өзіне лайықты орынды иеленгенін атап өту. Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы әңгіме қозғау және халықтардың мәдениеті, тілі және тарихы туралы айтып түсіндіру.
Облыстық арнайы көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында аптаның әр сәрсенбі күндері тәрбиелік мәні бар түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осындай іс-шараның бірі биылғы жылғы аталып өтілетін Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, өткен тарихымыз бен еліміздің саяси ахуалы жөнінде оқырмандарымызға толық ақпарат беру мақсатында «Ел дамуының еңселі бағыты» атты саясаттанушы зиялылармен кездесу кеші болып өтті.
Кездесуге қаламыздағы Мардан Сапарбаев атындағы институтының лекторы, саясаттанушы, тарихшы Бейсекова Райхан Түзелбайқызы мен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдіқайымов Ержан Фархатұлы қатысты. Олар Қазақ елінің неше жыл кеңес дәуірінің құрсауында болғанын, түрлі қиын кезеңдерден өтіп, өз алдымызға егемендік алып, Тәуелсіз Республика болып шығуымыздың түрлі бастауларынан бастап, қазіргі кезеңге дейін кең түрде жан-жақты баяндап берді. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Елімізде алдағы уақытта өткелі жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы айтылды. Елбасының еліміздің дамуына байланысты халыққа жолдаған әр жылдағы жолдауларына тоқталып, оларды киелі 7 деген санымен байланыстырып, әр жолдаудың 7 бөлімнен тұратындығын айтып өтті. Өзіміздің төл теңгеміздің пайда болуы жөнінде айтылды. Кеңес Одағында ұмыт қалған қазақтың жаңа жылы Ұлыстың ұлы күні 22 - наурыз қайта жаңғырып, атап өтілетін болды. Биыл елімізде алғаш аталып өтілген 1- наурыз Алғыс айту күні де тыс қалмады. Кешегі өткен 8-наурыз Халықаралық әйелдер, аналар мейрамымен барлық аналарымызды құттықтап өтті. Мәңгілік махаббатты шексіз ұрпаққа аманат етіп қалдырған Қозы Көрпеш Баян сұлу күні де жастарға үндеу болып атап өтіліп жатыр. Оқырмандар өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарын қойып оларға толық, маңызды жауап алды. Алдағы келе жатқан 20-наурыздағы сайлауға байланысты сұрақтар да өз орнын тауып жатты. Зиялылардың әңгімесінен оқырмандар, әсіресе зағип жандар үлкен әсермен, шабытпен тарқасты.




|
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
04.03.2016 09:43 |
Өткізілген орны: Оқу залы
Өткізілген уақыты: 2 наурыз, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 6 ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу; аналарды, қыз-келіншектерді құрметтеуге шақыру.
8 - Наурыз Халықаралық аналар, қыз-келіншектер жалпы арулар мерекесі болып елімізде аталып өтіледі. Осы орайда ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада кітапханашылар зағип жанды аналар мен қыз-келіншектерге мерекелік кеш ұйымдастырып, арнайы концерттік бағдарлама тарту етті. Кешті тифлобөлім меңгерушісі Л.Абжаппарова жүргізді. Мерекелік кеште алдымен ҚСҚ төрағасы Н.Алтынбеков сөз алып, келген қонақтарды мерекелерімен құттықтап, барша аруларға бақыт тіледі. Кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы тілекті жалғап, аналарға ыстық ықыласты лебізімен әсем әндерден шашу шашып, алғыс білдірді. Мерекелік кеш аясында әуезді әндер шырқалып, анаға деген алғыс пен құрмет көрсетіліп, жүректен өлең жырлар ақтарылды. Мерекелік кеш соңында арнайы кітапхананың және ҚСҚ атынан қызғалдақтай құлпырған аруларға әдемі сый-сыяпаттар табысталып, оларға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат пен мәңгілік сұлулық тілеп, алғыс білдірілді.
Қазақ халқы қашанда бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналарды ардақтап, аялай білген халық. Аналарға қандай жақсылық жасасаң да артық етпес. Мерекелік «Арулар асыл жандар шуақ боп шашылғандар» атты кешке келген аналар көктем лебімен тыныстап, ерекше әсерге бөленіп, жарқын жүзбен жадырап тарасты. 80-нен асқан қарт ана Сайғана Мәдет апа жастарға алғысын білдіріп, ақ батасын беріп, ұзақ ғұмыр тілеп, кейінгі буынды отаншыл азамат болуға шақырды. Қариясы бар елдің қазынасы мол демекші, бізде ақ жаулықты аналарымызға ұзақ өмір, бақыт тілеп, ұл-қыз, немерелерінің қызығына бөлене бергей деген тілекпен әкімшілік тарапынан аналарымызға арнайы сыйлықтар табыс еттік. Мерекеге арналған көрме ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне ақындарымыздың аналарға арналған өлеңдері, жыр шұмақтары қойылды.





|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
Авторлар: specbib
|
02.03.2016 10:38 |
Өткізілген орны: Оңалту орталығы
Өткізілген уақыты: 26 ақпан, сағ 11-00.
Іс-шараның мақсаты: 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт - азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсетіп, тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы отаншылдық қасиеттерін шыңдай отырып оқырмандарға насихаттау.
Арнайы кітапхананың «стационардан тыс қызмет көрсету секторының» кітапханашыларының үйымдастыруымен, аталмыш тақырыпқа сай тарихи – танымдылық кеш өткізілді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, Қ.Көкембаев, И.Құрманов, Т.Орысов, Ж.Кұдайбергенов, С.Қанаев, М.Ұзақбаев, А.Сұлтанбеков жене басқалар, көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов жөне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кеңесары және Наурызбай Касымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді. Оқырмандарымызға осы кештің барысында 12 минуттық бейнефильм көрсетілді. Тәуелсіздігімізді ата – бабамыз бізге аманат- мұра ретінде қалдырғанын айта отырып, оқырмандарымыз ән айтып, өлеңдерін тарту етті. Шақырылған қонақтар, оңалту орталығында демалып жатқан оқырмандар, осы өткен тарихи кешімізге дән ризашылығын білдіріп, ақ тілектерін айтып тарқасты.
Кітап көрмесі: «Қазақтың өткені сырлы, ертеңі нұрлы!»
Қойылған кітап саны: 16 дана, жазық баспалы әдебиеттер, кіші қалыпты мүсіндер, әдістемелік, бедерлі – графикалық құралдар, баспа материалдары.
Берілгені: 12 дана





|
|