030321
Іс – шаралар

3 наурыз 2021 жылы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ананың сөзі-ақылдың көзі»  атты іс-шара өтті. Іс-шараға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Өнер факультетінің студенттері өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараға мерекелік көрме ұйымдастырылды.

 
030221
Іс – шаралар

3 ақпан 2021 жылы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «М. Мақатаев-ХХ ғ. ІІ жартысындағы әлемдік деңгейдегі ең ірі ақын» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға көз мүгедектері қатысты.

 
200121
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада сәрсенбінің кезекті іс-шарасы зағип инженер-құрылымдаушы, өнертапқыш М.Марголиннің 115 жылдығына арналды. Аталған іс-шараны кітапхана қызметкері Г.Қырықбаева жүргізіп оқырмандарға орасан ақпарат берді.

 
130121 "ДОМБЫРАШЫ ҚЫЗ"
Іс – шаралар

13 қаңтар 2021жылы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында халық композиторы, домбырашы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Домбырашы қыз» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға көз мүгедектері қатысты.

 
«Желтоқсанда – мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын»
Іс – шаралар

9.12.2020 жылы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада еліміздің ұлы мерекесі Тәуелсіздіктің 29 жылдығына арналған «Желтоқсанда - мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараны кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы мен Қазақ соқырлар қоғамының қалалық филиалының төрағасы Алтынбеков Нұрғали Әмірбекұлы ашып беріп, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға арнайы келген талантты әнші, 2015 жылғы «Х Фактор» жобасының жеңімпазы Астана Қарғабай әсем әндерімен көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Нұрмағамбет Аруа мен кітапхана қызметкері, ақын Ербек Бакиев Тәуелсіздікке арналған жырларын оқыды. Іс-шара соңында арнайы кітапхана атынан кеш қонағы талантты әнші Астана Қарғабайға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Ұлы даланың ұлы мерекесі, бақ-берекенің бастауы, тағылымы мен тартуы мол Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Страница 18 из 35