02092022
Іс – шаралар

Ашық микрофон

« Ашық микрофон» жобасының кезекті басқосуы болып өтті. Кеш қонағы І-топ көз мүгедегі Қайыпберді Абзал Сейітқұлұлы Армрестлингтен мүмкіндігі  шектеулі жандар арасында өткен қол күрес (капиодан) 2021-2022ж ҚР 2 дүркін чемпионы, 2021 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатының І – орын иегері, 2022 жылы Самаркандта өткен Азия чемпионатының ІІ – орын иегері Абзалмен керемет дөңгелек үстел өтті. Оқырмандарға спортшымен кездесу қатты ұнады. Абзал Сейітқұлұлы 2022 жылы 14 қазанда өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.Спортшыға көрермендер сәттілік тілеп «Қазыналы қария» клубының белсенді мүшесі Наханов Ниязбек ағамыз ақ батасын берді.

 
10082022
Іс – шаралар

«Ұлт ақыны ұлы - АБАЙ»

(10 тамыз – Абай күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада "Ұлы даланың ұлы ақыны Абай" атты тақырыпта Абай Құнанбаевтың туылған күніне арналған шығармашылық кеш өтті. Кешті кітапхана қызметкері Г. Каттабекова жүргізді. Ақынның шығармашылық кешінде жүректен жазылған жырларымен әндері, қара сөздері оқырмандар арасында орындалып көпшілікке кеңінен насихатталды. Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен қара сөздері жазылған кітаптардан «Ұлт ақыны ұлы - Абай» - дың кітап көрмесі жасақталып оқырман назарына ұсынылды. Іс шарада оқырмандар өлең оқып, ән айтудан бөлек өз пікірлерімен бөлісті. Ақынның өмірбаянымен тереңірек танысты. Кеш соңында естелікке суретке түсіп көпшілік ұлы ақын Абайдың күніне орай көңілді тарқасты.

 
01072022
Іс – шаралар

«Домбыраның сырлы шектері»

(1 шілде - Ұлттық домбыра күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнай кітапханасында  1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыраның сырлы шектері» атты мерекелік іс-шара болып өтті.  Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Осы мереке барысында бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтары: «Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің» білікті мамандары, қасиетті домбырамен ұлттық өнерді насихаттап жүрген, өнер майталмандары Сүгір атындағы шертпе күй сынып ұстазы Айтбаев Сабит ағамыз шәкіртімен келіп отыр, Дәстүрлі әнші, термеші, көптеген ән байқауларының жеңімпазы, Ғабит Шырынбеков ағамыз және Майра Битемірованың шәкірті, Абдикеримов Бекжан қонақта болып, ән, күй, терме  орындап, кешімізді жандандыра түсті. Сонымен қатар домбыраның шығу тарихы туралы аңыз видео ролик баяндалды. Іс-шараға кітапхана оқырманы А. Тайтелеева  «Домбыра» әнімен, ал  кітапхана қызметкері Мадина Ермаханова     «Қазағым» атты ән шырқады. Тағыда әдемі әнімен домбыраның құлағында ойнаған, кітапхананың бүлдіршін оқырмандары Нұрсұлтан мен Бақытжан болды. Шара соңында кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы келген қонақтармен оқырмандарға алғысын білдіріп, алғыс хат пен марапаттады.

 
010622
Іс – шаралар

«Бар мейірім – балаларға»

(1 маусым – Дүниежүзілік балаларда қоғау күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні «Бар мейірім – балаларға» атты мерекелік іс-шара орталық саябақта қызықты болып өтті. Бұл іс-шара қала тұрғындары мен бүлдіршін балаларымызға, арнайы кітапхана қызметкерлері түрлі ертегілер кейіпкерлері мен шығыс ертегілері кейіпінде киініп, балаларға қуаныш сыйлады. Іс-шара барысында «Бауырсақ» ертегісі қойылып, балалардың ойы әрмен қарай қиял-ғажайып ертегіге ұласты. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлерінің орындауында бірнеше әндер орындалып, қала тұрғындарының да ән айтуға құштарлығы асып, бірнеше әсем әндер орындалды. Бұл мереке балалардың мейрамы болғандықтан ортаға Мыстан кемпір келіп балаларға «Чупа-чупс» ойыны ұйымдастырылды. Балалардың барлығы да ойынға қатысып, чупа-чупс жеңіп алды. Бүгінгі мереке барлық балалардың көңілінен шығып, дән риза болып біздің түрлі ертегі кейіпкерлерімен естелікке суретке түсіп мәз мейрам болып тарқасты.

 

 
150522
Іс – шаралар

«Отбасы – тәрбие бастауы»

(15 мамыр - Халықаралық отбасы күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай   «Отбасы –  тәрбие бастауы» атты іс-шара болып өтті.  Отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратар жылуы жан балқытар болғандықтан қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады демекші бүгінгі іс-шараға кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен отбасы жайлы ертегі қойылды. Сонымен қатар «Үміт» мектеп интернатының талантты оқушылары Сұлтан, Сымбаттың орындауында «Алтын бесік» әні орындалды. «Отбасы – тәрбие бастауы» деп бүгін Арнайы кітапхана қызметкері Абдиевтер отбасы мен  кітапхана оқырманы  Тұрламбековтер отбасы арасында «Үлгілі отбасы» сайысы қызықты, әрі тартысты өтті. Сайыста отбасы мүшелері ән айтып, би билеп, сұрақтарға жауап беріп, екі отбасыда «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар іс-шарада кітапханамыздың өнерлі оқырманы Гүлнұр Қуатқызы І.Жансүгіровтың «Жайлау» өлеңін көпшілікке тарту етті. Іс-шара барысында біздің жас оқырманымыз Бегалы Ақбота «Асыл ана» әнін орындап отбасының  берекесі, жүрегі – ана екенін оқырман қауымға тағыда дәлелдеді. Шара соңында кітапхана директор орынбасары Бөрібекова Әдемі апайымыз қатысушыларға ақ тілегін, алғысын айтып, мадақтама грамотасын ұсынды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Страница 14 из 35