Момбек Әбдәкімұлы

27 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында тарихи сананы жаңғырту мақсатында шежіреші, тарихшы профессор ұлт тарихын зерттеуші биыл мерейлі 60 жасқа толып отырған Момбек Әбдәкімұлымен кездесу кеші өтті. Тарих қойнауынан талай құнды дүниелерді қопарып жарыққа шығарып «Зобалаң», «Дүрбелең», «Сүлеймен қарақшы», «Разборшиктің жан сыры», «Қараман қарақшы», «Түркістан өлкесіндегі ойран», «Күн тұтылған мезгіл», «Құбыжықпен алысқан адам» атты түрлі тарихи романдар мен детективты хикаяттар жазып, оқырманның жүрегінен мол орын алып, көңіліне тағылымды ой сала білген дара тұлғамен тілдесу екі сағатқа созылса да келген көрермен тапжылмай отырып, тыңдап, тарихтан нәр алды.

 
«Таланттар мен табынушылар»

20 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында актер, режиссер, Қазақ ССР-нің халық артисі Ш. Аймановтың 105 жылдығына орай  «Таланттар мен табынушылар» атты іс-шара болып өтті.

Шарада Ш.Аймановтың айшықты рольдері мен жарқын бейнесі, ерекше даусы мен көрнекті көрінісі жиналған оқырманға экран арқылы екі тілде деректі фильмдер көрсетілді. Бүгінде Шәкен Айманов атында қазақ киностудиясы жұмыс жасап киномотография саласы дамып келеді. Әлем таныған Аймановтың айқын да асқаралы туындылары талай жүректерден орын алып бүгінге дейін өз көрермендерін жоғалтқан емес.

 
«Ұлы суретші дарыны»

2019 жылдың 9 қаңтарда Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында өнер қайраткері   Ә. Қастеевтің 115 жылдығына орай «Ұлы суретші дарыны» атты іс-шара өтті. Суретшінің алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке» еңбектерінен бастап «Түрксиб», «Колхоз тойы» туындыларын оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Іс-шараға «Ұлы суретші дарыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне ЖБШ, БНШ, «сөйлейтін»  кітаптар  қойылды. Оқырмандар  кітап  көрмесімен  танысып, суретке түсті

.

 
22.11.18

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 22 қараша күні сағат 11-00-де Астана қаласының «Қазақ Соқырлар қоғамының» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбаев Алмат Сабитжанұлы қонақта болып кітапхана оқырмандарымен танысып бірқатар сұрақтарына жауап берді. Зағип жандардың мұң-мұқтаждарымен танысып, олардың ұсыныстарын жоғары билік дәрежесінде қарастырамыз деді. Қазақ Соқырлар қоғамдық бірлестіктеріне бөлініп жатқан көптеген құрал жабдықтарды іс жүзінде көріп, оларда жұмыс жасап жатқан зағип жандардың жұмыстарына іске сәт тіледі.

 
«Асқақтай бер алтын ордам - Астана»

04.07.2018 ж. облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Асқақтай бер алтын ордам - Астана» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешті кітапхана қызметкері Е.Бакиев және «Ерекше жандар» бағдарламасының жүргізушісі Мадина Ермаханова жүргізді. Шығармашылық кеште өмірге құштар жандардың өнері көпшілікке тарту етіліп және астанамыздың жиырма жылдығына арнайы дайындалған зағип жандардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Келесі > Соңы >>

Страница 27 из 35